Баспасөз релиздері

Шетелден инвестиция тарту бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр

Шетелден инвестиция тарту бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28 млрд долларға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы істер министрлігінің инвестицияларды тарту жөніндегі жемісті жұмысының қорытындылары жақында ЮНКТАД-ның 2023 жылғы Әлемдік инвестициялар туралы баяндамасында көрсетілді. Теңізге шыға алмайтын 32 дамушы елге тартылған тікелей шетелдік инвестиция бойынша 6%-ға өсім байқалады. Олардың ішінде ең үлкен көлем Қазақстанға тиесілі. Сондай-ақ Қазақстан посткеңестік кеңістіктің 15 елі арасында және Орталық Азияда 61% үлеспен инвестиция тарту бойынша жетекші орынға ие болды. Бұл ретте, Өзбекстан - 2,5 млрд доллар, Литва - 2,2 млрд доллар, Беларусь - 1,6 млрд доллар, Латвия - 1,5 млрд доллар, Эстония - 1,2 млрд доллар, Түрікменстан - 936 млн доллар, Украина - 848 млн доллар инвестиция тартқан», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзінше, былтыр Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28 млрд долларға жеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 17,7%-ға артық. Алмас Айдаровтың айтуынша, аталған меже кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Яғни, соңғы рет ең көп инвестиция 2012 жылы тартылған. Онда қаражаттың жалпы көлемі 28,9 млрд доллар болған еді.

Дереккөз: inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге