Баспасөз релиздері

Қазақстан тағы бір елге әуе рейсін ашады

Қазақстан тағы бір елге әуе рейсін ашады

Эйр Астана Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына үш рейс орындауды жоспарлап отыр.

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе рейстері жанданады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат берді.

"15 қарашадан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Бұған дейін 4 қарашадан "Северный ветер" (Nordwind) әуе компаниясы Қазақстаннан Ресейдің Калининград қаласына рейстер ашатыны хабарланды. Калининградқа Нұр-Сұлтаннан (сенбі сайын) және Алматыдан (бейсенбі сайын) жетуге болады. Жолаушыларды Boeing-737 тасымалдайды.

Сондай-ақ 6 қарашадан бастап Қазақстан мен Әзербайжан арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келеді.

Дереккөз: https://sputnik.kz/economy/20211102/18550314/qazaqstan-el-reister.html

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге