Инвестициялық дау – инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты туындайтын, ірі инвесторларды қоса алғанда, инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын дау. Инвестициялық даулар келіссөздер арқылы немесе тараптар бұрын келіскен дауларды шешу рәсіміне сәйкес шешіледі. Егер инвестициялық дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаса, ол халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келісімімен анықталған төрелік соттарда қаралады.

Соттылық

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі дау санатына байланысты келесі соттылық түрлерін белгілейді:

a. Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының және астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының соттылығы;

b. аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттардың соттылығы.

Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының құзыретіне жататын істерді қоспағанда, инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.

Сонымен бірге аталған соттар инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты мемлекеттік органдардың инвесторларға қарсы қойған талаптарын да қарайды, оларға мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға (оның филиалы немесе өкілдігі);

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік қатысумен құрылған, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестерінің) елу немесе одан да көп пайызы шетелдік инвесторға тиесілі заңды тұлға;

3. мемлекетпен инвестициялау туралы жасалған келісімшарты бар инвесторлар.

Инвестордың инвестициялық қызметіне қатысы жоқ даулар, сондай-ақ жеңілдетілген іс жүргізуге жататын инвесторға қатысты даулар аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттардың құзыретіне жатады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге