Импортқа қосылған құн салығынан босату 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторларға, ал 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы инвестициялық жобаларды іске асырушы инвесторларға ұсынылады. Аталған артықшылықты беру шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) берілген.
Инвестициялық жоба
Салық кодексінің 399 бабы, 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
- шикізат және (немесе) материалдар импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбесіне енгізілсе;
- шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе;
- әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды қосылған құн салығын төлеуші талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде тек қана инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде қолданса, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі (инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны қоспағанда) шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап қатарынан бес жыл бойғы мерзімге беріледі. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан көп тіркелген активті енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.
Тауарлар еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарлар әкелінген кезде оларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады.
Инвестициялық келісім-шарттың шеңберінде импорты қосылған құн салығын төлеуден босатылатын шикізат пен материалдардың тізімі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27-ақпандағы №140 бұйрығымен бекітілген.
Тауарлар еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарлар әкелінген кезде оларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады.
Инвестициялық арнайы жоба
Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде:
- индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндіруші
- ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші болып табылатын заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың импортына қосылған құн салығынан босатылады.
Салық кодексінің 399-бабы 3-тармағына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
- 1) тауарлар еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылса;
- 2) еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен аяқталса;
- 3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.