Тұруға ықтиярхат, азаматтық

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шетел мемлекетінің азаматтығына жататынын дәлелдей алатын адамдар шетел азаматтары болып табылады.

Этникалық қазақтарды, Қазақ кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Респубилкасында туған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды және олардың отбасыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақту тұруға рұқсат алудың міндетті шарты сол адамның және оның отбасын мүшелерінің   өздерінің төлем жасау қабілеттілігі болып табылады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру тәртібі

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде жүрген шетелдіктер уақытша тіркеу жері бойынша көші-қон полциясы бқлінісіне өздері береді.

Рұқсаттар беру туралы өтінішті көшіп келушілер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ , Қазақстан Республикасында визасыз болудың мүмкіндігін көздейтін келудің және болудың визасыз тәртібі тураоы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдерінің азаматтары береді.

Рұқсат алу үшін, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар келген мекен-жай бойынша ішкі іштер органдарына келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында  тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама;

2) өтініш берушінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;

Бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);

3) шет елде тұрақты тұруға рұқсатты растайтын мемлекеттің жазбаша келісім немесе кету парағы не басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және  егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);

4)  өтінішхат берушінің қолымен мемлекеттік не орыс тіліндегі өмірбаян

5) этникалық қазақсарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында  болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттілігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы №1185 қаулысына сәйкес  өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;

6) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасының азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);

7) қазақстан республикасында тұрақты тұруға 14-18 жас аралығындағы баланың нотариалды куәландырылған келісімі;

8) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;

9) Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №664 бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылғы 24 қазанда №7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;

10) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;

11) тиісті  мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе тоқтатылуы туралы анықтама(азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоқ азаматтығы жоқ адам өтініш берген кезде).

Осы тармақтың 5),6) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күннен аспауы тиіс.

Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы тиіс. Аудармашы қолының түпнұсқалылығы  нотариалды куәландырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерге формулярды беру және рәсімдеу тәртібі

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерге формуляр он жыл мерзіміне берілетід.

Шетелдіктерге, азаматтағы жоқ адамдарға формуляр рәсімдеу кезінде көші-қонн полициясын бөлінісіне мынандай құжаттар ұсынуы керек:

1) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;

2) мөлшері 3,5 х 4,5 см екі фотосурет;

3) жарамды ұлттық паспорт.

Формулярды толтыру кезінде тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және т.б. деректері құжаттарды беру органы формулярды толтыру үшін негіз болып табылатын құжаттардағы тиісті жазбаларға сәйкес жазылады.

Азаматтық

Қазақстан республикасының азаматтығына қабылдалуы мүмкін:

1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұртаын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар.

Қазақстан Респубилкасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабілетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сіңірген адамдардан не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген шарттардың болуы талап етілмейді;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының ішінде жақын туыстарының бірі-баласы ( оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.

Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшілердің азаматтығы мәселелері Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгіленеді.

Республика аумағында тұру мерзімінің есептелуі:

1) егер адам армияға дейін Республика аумағында тұрып, армиядан босатылған күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, армиядан қызмет еткен уақыты;

2) егер оқуды бітірген немесе оқу орнынан шығарылған күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерде оқыған уақыты;

3) егер іссапардың аяқталуы мен Қазақстан Республикасына келген күнінің арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерге іссапрға барған уақыты есептеледі.

Науқастанып қалған, дүлей апат болған ретте немесе басқа да дәлелді себептер бойынша үш айлық мерзімді есептеу тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне Қазақстан Республикасының соты немесе басқа да мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика аумағында іссапарда, емделуде болған мерзімі және уақытша тұрудың басқа да жағдайлары есепке алынбайды.

Қазақстан Республикасының азаматы болып саналуының күші жойылғаннан бұрынғы кезең Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне есептелмейді.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібі

Қазақстан  республикасындап тұрақты тұрып жатқан адамдар қазақстан Республикасының Президенті атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауға өтініш жазады және оны тұрақты мекен-жай бойынша Қазақстан республикасының ішкі істер органдарына тапсырады.

Өтінішхатта Қазақстан республикасының азаматтығын қабылдау мотивтері көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

2)  өмірбаян;

3) 3,5х4,5 см форматында төрт фото сурет;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме;

5) соттылығының бар не жорғы туралы анықтама;

6) басқа мемлекеттік құзыретті органы берген бұрынғы азаматтықтың болмауы немесе тоқтатылуы туралы анықтама

7) мемлекеттік баж салығын төлеу немесе оны төлеуден босатылғаны туралы анықтама.

Санамаланған құжаттармен қатар:

Туу туралы куәлік және өтініш иесінің азаматтықты қайта қадпына келтіру туралы өтінішке- қазақстанның азаматтығына  бұрын тиесілігін куәландыратын құжат;

Бейінді мемлекеттік органның өтінішхаты – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа сәйкес кәсіптің тізбе талаптарына және қазақстан Республикасының азаматығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленген адамдар үшін талаптарға жауап беретін адамдар;

Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген, Қазақстан республикасында тұрған мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары- жақын туыстарының бірі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары Қазақстан Республикасының азматтарымен туыстық дәрежесін куәландыратын құжаттарды – туу туралы куәлік, неке туралы куәлік.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге