Жоба аясында Астана қаласында құс етін өндіретін толық циклді кәсіпорын салу көзделуде.
(ЭҚЖЖ: 10.12 «Құстың етін өңдеу және консервілеу»).
ӘЛЕМДІК НАРЫҚ
2020 жылдан бастап құс етіне әлемдік сұраныс 43,4%-ға өсіп, 36,0 млрд АҚШ долларына жетті. 2024 жылы әлемдік экспорт көлемі 35,7 млрд АҚШ долларын, ал жалпы тауар айналымы – 71,7 млрд АҚШ долларын құрады.
ӨҢІРЛІК НАРЫҚ
Қазақстанда құс еті импорты 13%-ға қысқарды, ал экспорт 3,3 еседен артық өсті.
Астанада керісінше импорт 3 еседен артық артты, ал экспорт дерлік жоқ.
ӨНДІРІС
Соңғы 5 жылда Қазақстанда үй тауығы етін өндіру 58,1%-ға артты. Астанада өндіріс көлемі 2 еседен астам өсті.
ӨНДІРУШІЛЕР
Қазақстанда құс еті өндірісімен айналысатын 28 компания тіркелген. Оның ішінде Астанада орналасқан:
- «Arshaly Food» ЖШС.
Ақмола облысында:
- «Белая Лилия» ЖШС,
- «Макинск құс фабрикасы» ЖШС,
- «ИНДЕЯ» ЖШС,
- «BAY-DALA INVEST» ЖШС,
- «BLIC Terminal» ЖШС.
ШИКІЗАТ БАЗАСЫ
Ықтимал орналасуы: Ақмола облысы. 2024 жылы Ақмола облысындағы жайылымдық жерлердің жалпы ауданы – 5 394,8 мың га.
ЫҚТИМАЛ НАРЫҚТАР
2024 жылы көршілес және ТМД елдерінен құс еті импортының жалпы көлемі 3,7 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл елдердегі импорттық бағалар тоннасына 1 031-ден 3 123 АҚШ долларына дейін өзгереді, ал Қазақстанның экспорттық бағасы тоннасына 1 633 АҚШ долларын құрайды. Осылайша, қазақстандық өнім ең қолжетімділердің бірі болып, шетелдік сатып алушылар үшін тартымды.
*- Экспорттық баға
БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
- Импортты алмастыру және экспорт әлеуеті;
- Инвесторлар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау;
- Дамыған логистика және көлік жүйесі;
- Тиімді баға ұсынысы.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ
Инвестициялық преференциялар:
- Кедендік баждардан босату (импортқа 0% дейін 5 жылға дейін);
- Салықтық жеңілдіктер (ҚҚС, ККС, жер салығы, мүлік салығы – 0%);
- Натуралды гранттар (жер учаскелері, ғимараттар мен құрылыстар және т.б.);
- Шетелдік жұмыс күшін тарту (ШЖК).
Арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) преференциялары:
- Салықтық преференциялар (ККС, жер салығы, мүлік салығы);
- Кедендік преференциялар (шикізат пен жабдықты импорттау);
- Дайын инфрақұрылымы бар жер (жер учаскесін өтеусіз жалға беру);
- ШЖК жалдау рәсімін жеңілдету (квотадан тыс тарту).
«QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ арқылы қазақстандық өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары:
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу:
- еңбек өнімділігін арттыру және аумақтық кластерлерді дамыту бойынша;
- отандық өңделген тауарларды сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша;
- отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша.