- Құрылыстың атауы - БКМК;
- Орналасқан жері - Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы;
- Су шаруашылығы бассейні - Сырдария бассейні;
- Кадастрлық нөмірі - 19-296-111-058;
- Құрылыстың мақсаты - 18 836 га суару;
- Техникалық жағдайы - Қанағаттанарлық;
- Су көзі - Шыршық өзені;
- Реттеу түрі – көпжылдық;
- Жылдық ағызу көлемі (2023 жыл) 154,8 млн.м³;
- Су құлауы: 10-12 метр.
Жоба – Түркістан облысы Қазығұрт ауданында орналасқан магистралды каналда белгіленген қуаты 1,0 МВт шағын гидроэлектростанция (ГЭС) салуды көздейді. Электр энергиясын өндірудің максималды қуаты – 8 640 000 кВт / сағ.
Компания: Жобаның бастамашысы – «Қазсушар» РМК.
Жобаның тартымдлығы неде?
- Экологиялық қауіпсіздік. Гидроэнергетикалық қондырғыда электр энергиясын өндіру қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың мөлшерін айтарлықтай азайтады және су шығыны минималды деңгейде болады. Сонымен қатар, пайдаланылған су турбина ағыны арқылы өзенге қайта жіберіледі.
- Шикізат базасының сенімділігі. Электр энергиясын өндіруге арналған шикізат Шыршық өзенінің су ағыны болып табылады. Өзеннің су жинау аймағындағы жауын-шашын деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты, ал өзеннің су ағынының азаю қаупі минималды деп бағаланады.
- Мемлекеттің қолдауы. Жаңартылатын энергия көздері («ЖЭК») секторы мемлекет тарапынан белсенді түрде қолдау табуда. Қазіргі уақытта ЖЭК секторының кәсіпорындары электр энергиясын тасымалдау қызметтеріне төлемнен босатылған, оларға болжамды және ұзақ мерзімді тарифтер қамтамасыз етіліп, өндірілген электр энергиясының барлығы кепілді түрде сатып алынады.