Инвестициялық ұсыныстар

Жамбыл облысындағы Ақсай магистралдық каналында белгіленген қуаты 1,0 МВт шағын гидроэлектростанция (ГЭС) салу

  • Көрсеткіші Нәтижелері
  • Инвестиция сомасы, мың АҚШ долл. АҚШ 1 133
  • Жобаның NPV мың, АҚШ долл. АҚШ 460
  • ИРР, % 19
  • EBITDA бойынша табыстылық, %
  • Өтелу мерзімі, жыл 10
  • Өтелімділіктің дисконтталған мерзімі, жыл - - 15,3

  • Құрылыстың атауы – МК Ақсай;
  • Орналасқан жері – Жамбыл облысы, Жуалы ауданы;
  • Су шаруашылығы бассейні – Аса өзені;
  • Кадастрлық нөмірі – 06:089:098:016:001:000;
  • Құрылыстың мақсаты - тұрақты суғару үшін, 1990 га;
  • Техникалық жағдайы - Қанағаттанарлық;
  • Су көзі – Көксай өзені;
  • Реттеу түрі – маусымдық, мамыр - қыркүйек;
  • Жылдық ағызу көлемі (2023 жыл) – 15,25 млн.м³;
  • Су құлауы: 50 метр.

Жоба – Жамбыл облысындағы Ақсай магистралдық каналында белгіленген қуаты 1,0 МВт шағын гидроэлектростанция (ГЭС) салуды көздейді. Электр энергиясын өндірудің максималды қуаты – 3 600 000 кВт / сағ.

Компания: Жобаның бастамашысы – «Қазсушар» РМК.

Жобаның тартымдлығы неде?

  • Экологиялық қауіпсіздік. Гидроэнергетикалық қондырғыда электр энергиясын өндіру қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың мөлшерін айтарлықтай азайтады және су шығыны минималды деңгейде болады. Сонымен қатар, пайдаланылған су турбина ағыны арқылы өзенге қайта жіберіледі.
  • Шикізат базасының сенімділігі. Электр энергиясын өндіруге арналған шикізат Ақсай өзенінің су ағыны болып табылады. Өзеннің су жинау аймағындағы жауын-шашын деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты, ал өзеннің су ағынының азаю қаупі минималды деп бағаланады.
  • Мемлекеттің қолдауы. Жаңартылатын энергия көздері («ЖЭК») секторы мемлекет тарапынан белсенді түрде қолдау табуда. Қазіргі уақытта ЖЭК секторының кәсіпорындары электр энергиясын тасымалдау қызметтеріне төлемнен босатылған, оларға болжамды және ұзақ мерзімді тарифтер қамтамасыз етіліп, өндірілген электр энергиясының барлығы кепілді түрде сатып алынады.
Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге