Сипаттама
Жоба Бұл инвестициялық жоба Алайғыр қорғасын-күміс кен орнын игеруді көздейді. Осы Жобаны іске асыру түсті металлургияның технологиялық жағынан дамыған қосалқы секторын дамытуға мүмкіндік береді және полиметалл рудасын қайта өңдеу өнімдерінің импортын алмастыруға ықпал етеді.
Бастамашы:
Қатты пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және сату саласындағы қызметті жүзеге асыратын «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық компаниясы» АҚ. Жоба операторы – «Алайғыр» ЖШС.
Қуат:
Құрамындағы концентрат:
- Қорғасын – жылына шамамен 30 мың тонна
- Күміс – жылына шамамен 13 мың кг
Нарықтық алғышарттар
Өсіп келе жатқан сұраныс.
Халықаралық қорғасын және мырыш зерттеу тобының мәліметі бойынша, 2019 жылы әлемдік қорғасын тұтыну 12 174 мың тонна болды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8%-ға өсті. 2019 жылы әлемдік күміс тұтыну 992 миллион унцияны құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3%-ға көп. Осылайша, қорғасынға сұраныс. ал күміс тарихи өсуді көрсетеді.
Тәжірибелі команда
Компанияның басқару командасының тау-кен металлургия секторында ұқсас жобаларды жүзеге асыруда табысты тәжірибесі бар.
Импортты алмастыру.
Соңғы бірнеше жылда қорғасын және қорғасын рудаларын өндірудің байқалған тұрақты өсіміне қарамастан, Қазақстан қорғасын рудалары мен концентраттарын импорттайды. 2020 жылы импортталған қорғасын рудасының жалпы көлемі 132 мың тоннаны құрады.