2020 жылғы 13 шілде - Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Іс-шаралар

Іс-шаралар

Вебинар "Жанартылатың энергетика және энергия тиімділігіне инвестицияларды қолдау : БҰҰДБ-ЖЭҚ жаңа құралдары"

Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан


Уақыты: 15.00-18.00

Қатысу үшін сілтеме: https://undp.zoom.us/j/94260242581?pwd=dk1MZUJBaTFyV2VydGRwT2hSSEdOQT09

Пароль: 029062

Вебинардың мақсаты: Тиімді энергетика технологияларын және жаңартылатын энергия көздерін енгізу үшін шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін қаржылық қолдау шаралары мен құралдар туралы ақпараттандыру.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, Жаһандық Экологиялық Қордың және ҚР Үкіметінің "Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін төмендету" және "Төменкөміртекті даму үшін тұрақты қалалар" бірлескен жобаларын іске асыру шеңберінде шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ тиімді энергетика жобаларды іске асыру және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) енгізу үшін объектілердің иелеріне қаржылық қолдау көрсетіледі. Қолдау жобаларды дайындау үшін бизнеске техникалық көмекті, сондай - ақ қаржылық көмекті-банк несиелерін субсидиялау түрінде қамтиды. Мұндай "жасыл жобаларды" іске асыру бизнеске табыс табуға, жұмыс орындарын құруға, ал мемлекетке – қоршаған ортаны және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Іс-шара Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, соңдай-ақ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның бірлескен бастамасы шеңберінде өткізіледі.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге