«2022 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбындағы вебинар
Сіздерді «2022 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырамыз. Вебинарлар сериясын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, USAID, ЕҚДБ, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы «КОРЭМ» АҚ, «KEGOC» АҚ және ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушысы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС қатысуымен ұйымдастырды.
Осы вебинарлардың мақсаты қолданыстағы НҚА-ға өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады.
Уақыты: 16.00-18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
Тіркелу үшін: https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_dp8glV_DQzWVnQmbtS5lfQ