Іс-шаралар

ХI «Baikonyr Invest» Халықаралық Инвестициялық Форумы

ХI «Baikonyr Invest» Халықаралық Инвестициялық Форумы

Қызылорда қаласы, Қазақстан

Сіздің назарыңызға 2019 жылы 30 қараша – 1 желтоқсанда Қызылорда қаласында «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында ХI «Baikonyr Invest» Халықаралық Инвестициялық Форумын өткізу жоспарланып отырғанын жеткіземін.

«Baikonyr Invest» - бұл жыл сайын 300-ден астам шетелдік және отандық бизнес көшбасшыларды, инвестициялық компания басшыларын, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерін және экономиканың түрлі салаларындағы сарапшыларды жинайтын ауқымды пікірталас алаңы.

Форум аясында Пленарлық отырыс, B2B, B2G, G2G кездесулер, инвестиция талап ететін жобалардың көрмесі және «Байқоңыр» ЕЭА - жобаларды іске асырудың келешек алаңы», «Ауыл шаруашылығында фермерлік және мал шаруашылығы кластерін дамыту мүмкіндіктері», «Жаңа жағдайдағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту келешегі» тақырыптарында 3 секциялық жұмыстар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі ғарыш кеңістігін игерудегі адамзаттың жетістіктерін дәріптеу мақсатында «Союз-ФГ» зымыран-тасығышының негізінде «Прогресс МС-13» кемесінің ұшырылу рәсімін тамашалау үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағына Форум қатысушыларына арнап экскурсиялық тур ұйымдастырады.

Іс-шараның өту уақыты мен күні: 30 қараша 2019 ж., басталуы сағат 15:30-да.

Web-site: http://baikonyrinvest.kz/ru

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге