Іс-шаралар

«Украина - Қазақстан, Орталық Азия» бизнес-форумы

«Украина - Қазақстан, Орталық Азия» бизнес-форумы

Radisson Hotel Astana, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Украина - Қазақстан, Орталық Азия» украин-қазақстан бизнес-форумы өтеді.

Форумды Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Украина Сауда-өнеркәсіп палатасы және ««ЗЕД» Экспорттаушылар мен импорттаушылар қауымдастығы» ЖШҚ.

Іс-шараға бизнес, Қазақстан мен Украинаның аймақтық мемлекеттік органдары, бизнес-қауымдастық өкілдері, инвестициялық компаниялар, қаржы институттары, несиелік ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысады.

Форум аясында, Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Аауылшаруашылық және Энергетика министрлігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Украина және Қазақстан СӨП, «Украина-Азия» Сауда үйінің өкілдері баяндама жасайды.

Форумның мақсаты - Қазақстан мен Украина арасындағы сауданы ұлғайту, Украинадан Қазақстанға және басқа да Азия елдеріне және қарама-қарсы бағытта тауарларды жеткізу үшін көліктік-логистикалық инфрақұрылымды оңтайландыру, прогрессивті технологияларды, IT жобаларды, инновацияларды және инвестицияларды тарту, Қазақстан мен Украинаның бизнес өкілдері үшін өзара тиімді келісімдер жасасу, сонымен қатар проблемалық мәселелерді талдау.

Сондай-ақ, шара барысында «Өнеркәсіптік тауарлар мен технологиялар», «Ауыл шаруашылығы, тамақ өнімдері», «IT технологиялары, инновациялар және қызметтер» салалық секцияларын өткізу жоспарлануда.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге