Іс-шаралар

Іс-шаралар

Орталық Азиядағы машина жасау және металл өңдеу саласындағы ең үлкен көрме

Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан

Бірінші машина жасау және металл өңдеу бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған көрме «Kazakhstan Machinery Fair 2020» Нұр-Сұлтан қаласының EXPO халықаралық көрме орталығында 2020 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында өтеді.

Көрме VIII Қазақстандық машина жасау Форуммен бір алаңда қатар өтеді - дәстүрлі түрдегі жетекші қазақстандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының мыңдаған жетекшілерін, орталық мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың және машина жасау өнімдерін тұтынушылардың басын біріктіретін дәстүрлі ірі салалық шараларының бірі.

Көрме салалық реттеушілермен, менеджерлермен және әлеуетті тапсырыс берушілердің мамандарымен жеке қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Дәстүрлі қаныққан бизнес бағдарламасына мыналар кіреді: пленарлық отырыс, 4-тен астам параллель сессиялар, 6 салалық жиналыстар, ворк-шоптар, шеберлік сыныптары.

Іс-шараға 150-ден астам компания-қатысушылар, 4500 кәсіби келушілер, 60-тан астам спикерлер қатысады.

Көрменің бөлімдері:

  • Машина жасау кәсіпорындарының өнімі
  • Дәнекерлеу жабдықтары мен материалдары

  • Робототехника және өндірісті автоматтандыру

  • Бақылау-өлшеу жабдықтары, аспаптар мен құралдары
  • Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру

  • Станоктар және металл өңдеу жабдықтары

  • Аддитивті технологиялар. Өнеркәсіптік 3D басып шығару

  • Майлау және майлау-салқындататын сұйықтықтар

  • Еңбекті қорғау, арнайы киім және жеке қорғаныс құралдары

Ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

  • Қазақстан машина жасаушылар одағы

  • «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.


RETURN_BACK
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге