Qazaq Invest Forum – 2025: «Инвесторға арналған экожүйе»
2025 жылғы 11 маусымда Қаскелең қаласындағы Kreativ Industrial Park аумағында Qazaq Invest Forum – 2025 халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Форумның тақырыбы – «Инвесторға арналған экожүйе».
Форумның ұйымдастырушылары – «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы» қоғамдық бірлестігі, Green KAZ Invest Group және Everest Capital Invest Group компаниялары. Шара Алматы облысы әкімдігі, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы және «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қолдауымен өтеді.
Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасында тұрақты даму, «жасыл» инвестициялар және инвесторлар үшін қолайлы экожүйе құру мәселелерін талқылауға арналған тұрақты диалог алаңын қалыптастыру. Форумға орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, іскер топтардың, сарапшылар мен инвестициялық қауымдастықтардың өкілдері қатысады деп күтілуде.
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында панельдік сессиялар, инвестициялық жобалар таныстырылымдары, сондай-ақ әлеуетті инвесторлармен және серіктестермен B2B және B2G кездесулер өткізу жоспарланған.
Шара туралы толығырақ: https://www.instagram.com/forum_eco.invest?igsh=YmQ1bmoydndicHRu