«Италия Қазақстанмен жүздеседі» онлайн-іс-шарасы
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы «Италия Қазақстанмен жүздеседі» онлайн-іс-шарасына қатысуға шақырады, іс-шараны Cassa Depositi e Prestiti Италияның Қазақстандағы Елшілігімен, ITA – Италияның сауда агенттігімен, SIMEST, SACE, Confindustria және CNA ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырады.
Күні: 2025 жылғы 16 шілде
Уақыты: Астана уақыты бойынша 15:00 (UTC+05:00) | Орталық Еуропа уақыты бойынша 12:00
Форматы: Вебинар және кейінгі B2B-кездесулер
Платформа: CDP Business Matching
Іс-шараның жұмыс тілдері: итальян және орыс тілдері
Нысаналы аудитория: итальяндық және қазақстандық компаниялар
Іс-шара барысында Қазақстан нарығындағы қазіргі үрдістерге шолу жасалып, сауда және инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі салалардағы мүмкіндіктері ұсынылады. Сонымен қатар CDP Business Matching платформасы – іскерлік байланыстар орнатуға және ұсыныстарды ілгерілетуге арналған цифрлық құрал ретінде таныстырылады. CDP компаниясының халықаралық кеңеюді қолдайтын қаржы құралдары да қатысушылар назарына ұсынылады.
Негізгі сессиядан кейін итальяндық және қазақстандық компаниялар арасында онлайн B2B-кездесулер өтеді. CDP мамандар тобы кездесулерді ұйымдастыруда қолдау көрсетеді. Қажет болған жағдайда кездесулер кезінде синхронды аударма қамтамасыз етіледі.
Іс-шараға және іскерлік кездесулерге қатысу тегін. Платформаның премиум-функцияларына қол жеткізу үшін тіркелу кезінде ICE2025 кодын пайдаланыңыз.
Қатысу және техникалық қолдау мәселелері бойынша:
Электрондық пошта: infoimprese@cdp.it
Телефон: +39 06 8596 0058 (тегін желі)