Іс-шаралар

«EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық форум-көрмесі

«EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық форум-көрмесі

Астана қ., Қазақстан

2025 жылғы 11-13 маусым аралығында Астана қаласындағы “EXPO” Халықаралық көрме орталығында “EXPOGOODS CENTRAL ASIA” Халықаралық форум-көрмесі өтеді. Іс-шара «Mayer Expo Asia» ЖШС ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Форум Орталық Азия, ТМД, Таяу Шығыс, Азия және Еуропа елдері, оның ішінде Әзербайжан, Беларусь, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Еуропалық Одақ елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Негізгі іс-шаралар:

Іскерлік бағдарлама – бизнес өкілдер, мемлекеттік органдар мен салалық сарапшылардың қатысуымен пленарлық отырыстар мен талқылаулар.

Экспорт және импорт күндері – аймақтың әртүрлі елдерінен жеткізушілер мен сатып алушылар арасындағы сауда және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау.

Халықаралық Retailers’ Days – өндірушілердің өнімдерін ұсыну мақсатында питч-сессиялар.

B2B келіссөздер – халықаралық бөлшек сауда желілерінің жеткізушілері мен сатып алушылары арасындағы жеке кездесу.

HoReCa конгресі – 150+ компания мен жетекші спикерлердің қатысуымен мейрамхана-қонақжай саласына арналған халықаралық форум (толығырақ: expogoods.kz/ru/forum/horeca-congress#programm).

Көрме аймағы – күнделікті тұтыну және азық-түлік өнімдерінің өндірушілері мен жеткізушілерінің презентациясы.

Көрме аймағының негізгі бөлімдері:

FOOD GOODS & HORECA

Азық-түлік және сусындар, тағамдық қоспалар және дәрумендер.

OUTDOOR HORECA

Мейрамханалардың верандалары, террасалары және сыртқы іс-шаралар үшін жабдықтар мен сыртқы инфрақұрылымы.

NON-FOOD GOODS

Үй және интерьер бұйымдары, ыдыс-аяқ, үй жануарлары үшін тауарлар, тұрмыстық химия, косметика және жеке гигиена өнімдері, балалар тауарлары, кеңсе тауарлары.

PRODUCTION & SERVICE

Шикізат, жабдықтар, орау материалдары, логистика және бизнес қызметтері.

EXPOGOODS CENTRAL ASIA – Орталық Азия аймағының негізгі іскерлік платформасы болып табылады, ол өндірушілер, бөлшек сауда, инвесторлар және мемлекеттік органдар арасындағы серіктестік байланыстарды орнату және тиімді мәмілелер жасауға бірегей мүмкіндіктер ашады.

Қатысуға шақырылатындар:

  • Мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастық өкілдері

  • FMCG және азық-түлік өнімдерінің өндірушілері мен жеткізушілері

  • Импортерлер мен экспортерлер

  • Бөлшек сауда желілері мен дистрибьюторлар

  • HoReCa саласының өкілдері

Аккредитация және қатысу үшін байланыс:

Ұйымдастырушы: «Mayer Expo Asia» ЖШС

Телефон: +7 (701) 549-93-28 (WhatsApp, Telegram)

Электрондық пошта: nfa@mayer.kz

Мекенжай: Қазақстан, Алматы қаласы, Мынбаева көшесі, 151, оф. 71 (050046)

Ресми сайт: expogoods.kz

«Mayer Expo Asia» ЖШС Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен.

 

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге