Қазақстан-Франция инвестициялық форумы
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ іскер топтардың өкілдерін 2025 жылғы 28 мамырда Астанада өтетін Қазақстан-Франция инвестициялық форумына қатысуға шақырады. Іс-шара «Астана» халықаралық форумының қарсаңында, Франция Республикасының Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтары жөніндегі министрі Лоран Сен-Мартеннің сапары аясында өтеді.
Форум Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, бірлескен жобалардың болашағын талқылауға және іскерлік байланыстар орнатуға арналған маңызды алаң болмақ.
Іс-шара бағдарламасы аясында Францияның жетекші компанияларының басшылары қатысып, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылады, екі елдің негізгі спикерлері сөз сөйлейді, B2B-кездесулер мен коммерциялық келісімдерге қол қою жоспарлануда. Форумға екі елдің мемлекеттік органдарының, бизнес және сарапшылық қауымдастықтарының өкілдері қатысады.
Француз компанияларының тізімімен осында таныса аласыз.
Қатысу үшін 2025 жылғы 19 мамырға дейін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://forms.gle/63ibWTaADiGVyF8g8.