Іс-шаралар

Қазақстан тау-кен конгресі

Қазақстан тау-кен конгресі

Астана қ., Қазақстан

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен 2024 жылдың 15-16 мамырда Астанада «Қазақстанның тау-кен конгресі» 2-ші халықаралық конгресі және көрмесі өтеді.

Конгреске Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның тау-кен өндіруші саласының 150-ден астам көшбасшы компаниялары қатысады. Конгресс тәжірибе алмасу, инвестициялық жобаларды, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін жаңғырту мен дамыту мүмкіндіктерін талқылау алаңына айналады.

2024 бағдарламасының негізгі бағыттары:

Саланың көшбасшы компанияларының қатысуы: жетекші тау-кен өндіруші компаниялардың 150-ден астам басшылары, инвестициялық жобалардың ынтагерлері, жабдықтарды әзірлеушілер және халықаралық инвесторлар.

Инвестициялық жобалар: Тау-кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту, қуаттарды кеңейту және жаңа кен орындарын игеру сияқты 20-дан астам ірі инвестициялық жобаларды талқылау.

Сарапшылардың баяндамалары: жоба мен үкімет өкілдерін, реттеуші органдар мен жетекші салалық сарапшыларды қоса алғанда, 30-дан астам спикерлер мен панелистер.

Business Networking: жеке кездесулер, кофе-брейктер, интерактивті пікірталастар және коктейльді қабылдауды қоса алғанда, 30-дан астам сағат іскерлік және бейресми тілдесім.

Технологиялық үрдістер: тау-кен өнеркәсібі үшін жаңа жабдықтар мен озық шешімдердің тұсаукесері.

Инвестициялық нарыққа шолу: жаңғырту, жаңа қуаттарды және инновациялық технологияларды енгізу жоспарлары.

Кадр мәселесі бойынша дөңгелек үстел: кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін басқару стратегияларын әзірлеу.

Геология: тау-кен өнеркәсібінің үдемелі дамуындағы геологиялық зерттеулердің рөлі.

Экологиялық теңгерім: тау-кен өндіруші кәсіпорындарында экология саласындағы заңнамалық актілерді іс жүзінде жүзеге асыру.

Мамандандырылған арнайы көрме: саладағы жетекші компаниялардың жоғары технологиялық шешімдерінің таныстырылымы.

Іс-шараны ұйымдастыру комитеті:

Анна Носова, бағдарлама продюсері

Тел: +44 207 394 30 90

Email: anosova@vostockcapital.com

БАҚ аккредитациясы

Анна Гаврилченко

Email: agavrilchenko@vostockcapital.com

Іс-шараның ресми сайты: https://miningkaz.com/

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге