Іс-шаралар

«Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы

«Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы

Астана қ., Қазақстан

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ іскерлік қауымдастық өкілдерін 2025 жылғы 16 қарашада Астана қаласындағы The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде өтетін «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумына қатысуға шақырады.

Іс-шара Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы индустриялық-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге бағытталған.

Форумның өткізілуі 2022 жылғы 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай қабылданған Орталық Азия елдері мен Қытай көшбасшыларының Бірлескен мәлімдемесінде бекітілген уағдаластықтарды іске асырудың жалғасы болып табылады. Алғашқы форум 2023 жылғы ақпанда Қытайдың Циндао қаласында өтіп, оның қорытындысы бойынша «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі Циндао бастамасы қабылданып, бірлескен табысты жобалар каталогы ұсынылды.

Алдағы форум ақпараттық технологияларды, көлік-логистика инфрақұрылымын, сондай-ақ тау-кен металлургиясы саласындағы жобаларды қоса алғанда, ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналады.

Форум өңірлік әріптестікті нығайтуға, практикалық тәжірибе алмасуға және орнықты экономикалық өсімге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге ықпал етеді.

Форум бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат алу және іс-шараға тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз: https://invest.gov.kz/kz/china-central-asia/ 
Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге