Aqtobe Investment Forum – 2025
4–5 желтоқсан күндері Ақтөбеде «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Форум өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді және технологияларды дамытуға бағытталған инвестициялық мүмкіндіктер мен практикалық шараларды талқылауға арналған басты алаңға айналады. Іс-шараға шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, өңірлік делегациялар, даму институттары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.
Форумның іскерлік бағдарламасына инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері мен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарына арналған пленарлық отырыс кіреді. Сол күні стратегиялық өнеркәсіптік әріптестік, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ экономикалық өсуді жеделдетудегі жасанды интеллект пен цифрландырудың рөліне бағытталған салалық сессиялар өтеді. Екінші күні өндірістік нысандарға индустриялық тур ұйымдастырылып, қатысушыларға жүзеге асырылып жатқан жобалармен және жаңа өндірістерді жергіліктендіру мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
Форум инвесторлар мен бизнес арасындағы ашық диалог алаңына айналып, жаңа кооперациялық байланыстарды қалыптастыруға және перспективалы бастамаларды ілгерілетуге ықпал етуді мақсат етеді.
Тіркеу сілтемесі: www.aqtobeinvest.kz