Іс-шаралар

Акселерация: Көмір химиясындағы инвестициялық жобалар

Акселерация: Көмір химиясындағы инвестициялық жобалар

Астана қ., Қазақстан


«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бизнес-қоғамдастық өкілдерін көмір-химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін жүйелі мәселелер мен тосқауылдарды анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында өтетін акселерация жөніндегі кезекті отырысқа қатысуға шақырады.

Іс-шара 2025 жылғы 13 наурызда сағат 10:00-де Мәңгілік Ел, 55/19, C3.4 блогы, «Сингапур» залында өтеді.

KAZAKH INVEST жеке және мемлекеттік сектор өкілдерінің қатысуымен жобаларды акселерациялау жөніндегі тұрақты отырыстар өткізу тәжірибесін енгізді. Бұл отырыстардың мақсаты – инвесторлардың проблемалық мәселелерін анықтап, командалық жұмыс форматында бірлескен шешімдер әзірлеу. Аталған бастама инвестициялық ахуалды жақсартуға, салалардың дамуына және бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Барлық сұрақтар бойынша KAZAKH INVEST
жауапты тұлғасына хабарласуға болады:

Алуа Сарыбай - a.sarybay@invest.gov.kz

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге