Әлихан Смайылов Асханұлы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Директорлар кеңесінің мүшесі
Әлихан Смайылов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келді. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірді.
1993–1995 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының маманы;
1995 – 1996 жылдары – Алматы қаласы әкімшілігінің Сауда және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы;
1996 жыл Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңестің тағылымданушысы;
1996 – 1998 жылдар ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы;
1998 жылғы наурыздан сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттігі Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары;
1998 – 1999 жылдар Бас сарапшы,бөлім секторының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
1999 жылдың 8 қарашасынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
1999 жылдың қарашасынан 2003 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;
2003 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі;
2003 жылдан 2006 жылдар аралығында «Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы;
2006 жылдың ақпанынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
2007 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың қарашасына дейін «Қазагро» Ұлттық холдингі АҚ Президенті;
2008 жылдың 21 қарашасынан 2009 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
2009 жылдың 27 қазанынан 2014 жылдың 13 тамызына дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;
2014 жылдың 14 тамызынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы;
2015 жылдың 11 желтоқсанына 2018 жылдың 18 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
2018 жылдың 18 қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрі.