Директорлар кеңесі

Әсет Арманұлы Ерғалиев

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі - Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі

1986 жылы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, сондай-ақ Йорк университетін тәмамдаған, экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2013 жылы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры болып бастады. Аталған құрылымда 2016 жылдың басына дейін вице-президент, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 2016 жылғы ақпан айында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

2016 жылғы қазан айында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, 2016 жылғы желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалған. 

2017-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалық басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарған.

2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурыз аралығында ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған. 

2019 жылғы наурыздан тамыз айына дейін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет кеткен.

2019-2021 жылдары ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымын атқарды.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.



Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге