Ульф Вокурка
Тәуелсіз директор – Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі
Туған күні: 31.10.1962 ж.
Азаматтығы: Германия
Білімі, мамандығы:
- Мартин Лютер атындағы университет, Халле қ. (1980–1981 жж.)
- КСРО СІМ-нің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (1983–1989 жж.), шет тілін меңгерген «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша диплом
- Алматы қ. KIMEP университеті (2012 ж.), № 0013/09-12 «Сертификатталған корпоративтік басқару директоры» сертификаты
Еңбек өтілі:
1989–1990 жж. — Германияның Сыртқы істер министрлігінде, Берлин қ., Батыс Еуропа департаменті, Түркия, Грекия және Кипр бөлімінде Түркиямен үкіметаралық мәдени байланыстар жөніндегі аға кеңесші
1990–2006 жж. — Deutsche Bank AG құрылымдарында (Франкфурт-на-Майне қ.) жұмыс істеді, оның ішінде:
-
Deutsche Bank және Morgan Grenfell өкілдігінің Алматы қ. басшысы (1993–1996 жж.)
-
Жобалық және экспорттық қаржыландыру департаменті, Лондон қ. (1996–1998 жж.)
-
Нью-Йорк қ. Экспорттық қаржыландыру басқармасының уақытша басшысы (1999–2000 жж.)
-
Франкфурт қ. Құрылымдық экспорттық қаржыландыру департаментінің директоры
2006–2008 жж. — Астана қ., «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару қазақстандық холдингінің басқарма төрағасының орынбасары
2008–2010 жж. — Франкфурт-на-Майне қ., Metzler Asset Management GmbH басқарушы директоры, басқарма мүшесі, Шығыс Еуропа және ТМД елдеріндегі бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі куратор
2010–2017 жж. — Deutsche Bank AG құрылымдарында (Франкфурт-на-Майне және Алматы қ.) жұмыс істеді; Deutsche Bank AG өкілдігінің Қазақстан Республикасындағы басшысы, Алматы қ.
2010–2017 жж. — Қазақстан-герман іскерлік кеңесінің герман тарапының хатшысы
2012–2017 жж. — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қазақстандық кеңесі қауымдастығының мүшесі және 2016–2017 жж. басқарма төрағасы
2017–2018 жж. — Алматы қ., «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі
2018–2019 жж. — Астана қ., «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі
2017 жылдан бастап — Астана қ., «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі
2021 жылдан бастап — Астана қ., «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі