Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанкұлов
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы — Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі
1981 жылы 13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін және Бирмингем университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы «Евразия Консалтинг» ЖШС-де заңгер көмекшісі қызметінен бастаған. 2002 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында және Президенттің Парламенттегі өкілдігінде түрлі қызметтерде болған. 2010-2019 жылдары Экибастұз қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде жетекші лауазымдарды атқарды.
2019 жылы «Nur Otan» партиясының хатшысы болды. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды; 2021-2024 жылдары Мемлекеттік инспектор, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аймақтық жұмыстары бөлімінің орынбасары, бөлім меңгерушісі болды. 2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Ағылшын тілін жетік меңгерген.