Нұрлан Серікұлы Байбазаров
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі – Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі
1975 жылы дүниеге келген.
Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінде бастап, онда Бюджет департаментінде және Мемлекеттік қарыз алу департаментінде маман, бас маман, бөлім басшысы болып қызмет атқарған.
2004 жылдан 2011 жылға дейін — Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ корпоративтік хатшысы.
2013-2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.
Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да жұмыс істеген.
2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін — «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы.
2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы.
2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы ақпанға дейін — «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:
- макроэкономикалық саясат мәселелері;
- бюджет, салық және кеден саясаты мәселелері;
- мемлекеттік жоспарлау жүйесі мәселелері;
- қаржы секторы мәселелері;
- тариф саясаты мәселелері;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері;
- концессия мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері; инвестициялық саясат мәселелері;
- табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері;
- статистика;
- жобалық басқаруды дамыту мәселелері;
- халықаралық қаржы институттарын үйлестіру мәселелері;
- Ұлттық Банкпен өзара іс-қимыл мәселелері;
- «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру мәселелері;
- бизнестің проблемалық мәселелерін, оның ішінде әкімшілік кедергілерді азайту мәселелерін қарау және шешу;
- экономиканы демонополизациялау мәселелері;
- орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясат мәселелері;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және оның портфельдік компанияларының қызметін реформалау мәселелері;
- шетелге заңсыз шығарылған қаржы қаражаты мен сатып алынған активтерді қайтару мәселелері;
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін үйлестіру.