Директорлар кеңесі

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі

1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі болып бастаған.

1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі.

2003-2004 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы болды.

2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары; Аппарат басшысы.

2011 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.

2011 жылы – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры.

2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.

2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2022 жылы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2022-2023 жылдары – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

  • сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін ілгерілету;
  • сырттан инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту;
  • шетелдермен сауда-экономикалық, қаржылық, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени байланыстарды кеңейту;
  • көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
  • шет мемлекеттермен үкіметаралық комиссиялардың қызметі.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге