Директорлар кеңесі

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі - Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі

1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. 

Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» ордені.

Медальдары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдары.

«Ұлттық Банктің еңбек сіңірген қызметкері» белгісі.

Еңбек жолы:

  • 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.
  • 1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;
  • 2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.
  • 2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.
  • 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында -  Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
  • 2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі.
  • 2019 жылдың наурыз айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге