Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
ЖШС «Leroy Merlin»

2018 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облысында DIY (Do it yourself) секторының "Leroy Merlin" ("Леруа Мерлен") алғашқы халықаралық гипермаркеті пайда болды.
Сауда орталығы Алматы облысы Қарасай ауданы, Іргелі ауылының Ташкент трактісі бойынша орналасқан.
Гипермаркеттің ассортименті 30 мыңнан астам тауар түрін қамтиды. Дүкеннің жанында сатып алушылар үшін 700 орынға арналған тұрақ бар.
"Күн сайын төмен бағалар" – "Леруа Мерлен" барлық дүкендерін біріктіретін тұжырымдама. Бұл гипермаркеттің ерекшелігі-қолжетімді бағалар, олар бәсекелестерден кем дегенде 5% төмен. Сонымен қатар, клиенттер әрдайым тауар бойынша кәсіби кеңес ала алады, үйді жайластыру бойынша дайын шешімдер мен жобаларды таба алады.
"Leroy Merlin" халықаралық компаниясы 1923 жылы Францияның солтүстігінде құрылған, бүгінгі күні тауар айналымы бойынша Еуропада бірінші орында, сондай-ақ бүкіл әлемде 400-ден астам дүкен бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге