Жетістік тарихы

ЖШС «WILO Central Asia»

2018 жылдың 22 тамызында Еуразия аймағының вице-президенті Йенс Даллендоерфердің, Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың және инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қартайұлының қатысуымен "Damu" индустриалды-логистикалық орталығының аумағында "WILO Central Asia" ЖШС ірі зауытының ашылуы өтті.

WILO Central Asia 2 000 шаршы метрден астам жерде орналасқан және сорғы жүйелерін, сондай-ақ консольді, блокты және ұңғымалық сорғыларды өндіру және тестілеу жөніндегі жоғары технологиялық орталықты; жаңа жабдықтармен жабдықталған жобалаушылар мен инженерлерге арналған оқу орталығын және коммуналдық-тұрмыстық шаруашылық кәсіпорындары үшін жеке шешімдері мен технологиялары бар сервистік орталықты қамтиды.

Жұмыс істеп тұрған зауыттың өнімдері ішкі нарыққа ғана емес, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Моңғолия, Грузия, Әзірбайжан және Арменияға да жеткізілетін болады.

Айта кету керек, "WILO" компаниялар тобы тұрмыстық сегмент, коммерциялық құрылыс, коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіп үшін жоғары технологиялық сорғы жүйелерін өндіру және жеткізу саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге