«KazCenosphere» ЖШС — жеңіл фракциялы ұшқыш күл (микросфералар) өндіретін зауыт. Жоба Kusto Group халықаралық инвестициялық тобының қатысуымен әзірленуде. Ақсу мемлекеттік аудандық электр станциясынан жеңіл фракциялы ұшқыш күлді жинауға ERG компаниясымен эксклюзивті келісімге қол қойылды.
Кәсіпорын 2021 жылдың мамыр айында «Павлодар» АЭА аумағында іске қосылды.
Жобаның қуаттылығы жылына 12 мың тоннаны құрайды.
Зауытта 70 маман жұмыс істейді.
Досжан Ілияс, «KazCenosphere’s» ЖШС қаржылық директоры:
«Өндірісті ұйымдастыру үшін учаскені таңдаған кезде біз үшін шикізатқа жақын және олардың қолжетімділігі маңызды болды.
Электр энергиясының төмен тарифтері мен бос жер мұнда тиімді бизнес ұйымдастыруға нақты мүмкіндік береді.
Біз Павлодар облысымен және «Павлодар» АЭА-мен өзара тиімді және жемісті ынтымақтастыққа бағытталғанбыз және біз Павлодар облысында өнеркәсіптік пайдалы қазбаларды өңдеудің экологиялық таза технологиялар кластерін дамытудың, болашаққа ауқымды жоспарлар құрудың нақты перспективасын көреміз, олар бүгінде «Павлодар» АЭА-да жүзеге асырылуда.