Нарықтар

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, қазақстандық экспорттаушылар мен, қолайлы инвестициялық климат пен либералды реттеу қамтамасыз етілген, шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер белесін ашады.

Қазақстанның негізгі басымдығы – қолайлы географиялық орналасуы, ол оның транзиттік тасымалдау саласындағы көліктік басымдығын анықтайды. Қазақстан территориясы арқылы Еуропадан Азияға, атап айтқанда, Батыс Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне әуе, теміржол және автокөлік жолдары өтеді.

Халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялау ұсынатын зор мүмкіндіктер Қазақстаннан тауар экспортының географиясын сипаттайды.

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ЕАЭҚ әріптес-елдерге экспорттаудың зор әлеуеті орын алады.

Еурзиялық экономикалық одақ құрамында Қазақстан сауда географиясын белсенді кеңейтуде: Үндістан, Сингапур, Сербия, Израиль, Мысыр елдерімен еркін сауда аймағы туралы келісімін орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде. Мұндай келісімдер ҚХР және Иранмен (уақытша келісім) орнатылды.

Қазақстаннан тауар экспорты (2018 жылғы мәлімет)

  • Еуропа елдері - 55,7%
  • Азия – 26,3%
  • ТМД елдері - 15,5%
  • ЕАЭҚ елдері - 9,7%
Дерек көзі: stat.gov.kz

Ақтау порты

Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан. Ақтау теңіз порты – шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және керісінше Иран, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан бағыттарында құрғақ жүктер, шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің тасымалдауын іске асыратын заманауи копнысаналы терминал.

1999 жылы Ақтау теңіз порты толық жөндеуден өтті, бұл оның даму тарихындағы зор кезең болды.

Порттың өткізу қуаттылығы – 16,5 млн. тонна, оның ішінде: 4 мұнай құю терминалы (12 млн. тонна), 3 құрғақ жүк терминалы (2,5 млн. тонна) және 1 паромдық терминал (2 млн. тонна).

Порт барлық қажетті көліктік және темір жолдық келу жолдарына ие, бұл паромдық жүктерді өңдеу жылдамдығын 10-12 сағаттан орташа 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Құрық порты

Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында Ақту портынан өңтүстікке қарай орналасқан. Порт табиғи айлақта, жұмыс үшін қолайлы ауа райы жағдайын қамтамасыз ететін шығанақта орналасқан. Порт көліктік және темір жол паромын жыл бойы қабылдауға қабілетті.

Бүгінгі күні жылына қуаттылығы 4 млн. тонналық темір жол паромы және жылдық қуаттылығы 2 млн. тонна көліктік айлақ қызмет етеді.

Ляньюньган порты

Мұхитқа тікелей шығу жолының болмауына қарамастан, Қазақстан Еуразия құрлығының ортасында орналасудың геоэкономикалық әлеуетін белсенді қолданады. 2014 жылы Қытайдың шығысындағы Ляньюньган теңіз портында қазақстан-қытай терминалы өз жұмысын бастады. Порттың тиімді орналасуы, қытайлық ірі қалалар және порттармен орнатылған темір жол және теңіз байланыстары Қазақстанның халықаралық логистикалық тізбекке енуіне ықпал етеді.

Терминалдың негізгі міндеті – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Орталық Азия, Ресей және Еуропа бағыттарында жүктерді тасымалдау. 2020 жылға қарай терминал жылына 20 тонналық 550 мың контейнерлердің жөнелтілуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы – Қазақстан мен Қытай елдері басшылығының бастамасы бойынша іске асырылып отырған ірі сауда хабы. Жоба Қытаймен сауданы ықшамдауға және екі елдің көліктік әлеуетін дамытуға бағытталған.

«Қорғас» ШМЫХО – Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесі үшін ғана емес, сонымен бірге, бүкіл Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансқұрлықтық дәлізі үшін де маңызды жобалардың бірі.

«Қорғас» ШМЫХО ірі көліктік-логистикалық кешенді («құрғақ порт»), индустриалды және тұрғын аймақты қамтитын «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының негізгі құрауыштарының бірі болып табылады.

Батум мұнай терминалы

Батуми мұнай терминалы Қара теңіз жағалауында Батуми (Грузия) қаласында орналасқан және өз тұтынушыларына Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Грузия және басқа елдерден мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу бойынша қызметтер ұсынады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансОйл» АҚ меншігі.

Терминалдың негізгі басымдығы – мұнай мен мұнай өнімдерінің түрлі сорттарын сақтау және өткізу бойынша иілімділік. Батуми мұнай терминалы мұнай мен мұнай өнімдерінің 22 жуық түрлерін өткізуге қабілетті. Жүк темір жол арқылы жеткізіледі және арнайы теміржол эстакадалары арқылы сұйыққоймалар паркіне құйылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге