Электр энергетикасы

Энергетикалық өнеркәсіп
Электр энергетика отын-энергетикалық кешеннің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әр түрлі меншік нысанындағы 138 электр станциялары жүзеге асырады.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы электр станцияларының жалпы қуаттылығы келесіні құрайды:
  • Станциялардың белгіленген қуаттылығы - 22 936,6 МВт,
  • Станциялардың қолда бар қуаттылығы - 19 329 МВт.

2019 жылы электр энергияның жалпы өндірісі шамамен 106,8 млрд кВт*сағ құрады, оның ішінде 1,3% ЖЭК құрайды. Электр энергияны тұтыну 105,2 млрд кВт*сағ құрайды.

Электр энергиясын өндірудің жалпы мөлшері тұтынудан асып түседі, бірақ Қазақстанның энергетикалық жүйесі нысандардың біркелкі орналаспауымен сипатталады.

Аймақтар бойынша географиялық нарық
  • Солтүстік аймақ Тұтыну: 69,1 млрд кВт*сағ Өндіріс: 81,7 млрд кВт*сағ
  • Оңтүстік аймақ Тұтыну: 22,7 млрд кВт*сағ Өндіріс: 11,0 кВт*сағ
  • Батыс аймақ Тұтыну: 13,5 млрд кВт*сағ Өндіріс: 13,4 млрд кВт*сағ
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге