Баспасөз релиздері

Жылдық айналымы 7 млрд АҚШ доллары неміс ТНК Қазақстандағы АӨК жобаларына мүдделілік танытты

Жылдық айналымы 7 млрд АҚШ доллары неміс ТНК Қазақстандағы АӨК жобаларына мүдделілік танытты

Рэда-Виденбрюк қаласында «Kazakh Invest» басқармасы төрағасының орынбасары Марат Бірімжанның «Tonnies» компаниясының негізін қалаушы Клеменс Тонниеспен кездесуі өтті. Бұл ТНК Германияда ет өндіру және оны қайта өңдеу бойынша №1 компания болып табылады. Еуропада көш бастап тұр.

«100 қадам» ұлт жоспарын іске асыру мақсатында «Kazakh Invest» Қазақстанның экспорттық тауарларын құру және әлемдік нарықтарға шығуы үшін елдің қайта өңдеуші секторына әлемдік трансұлттық компанияларды тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

«Tonnies» компаниясының жыл сайынғы айналымы шамамен 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Компанияның 8 неміс және даттық өндірістері бар. Кәсіпорындарда 15 мыңнан астам қызметкерлер еңбек етеді.

Марат Бiрiмжан Қазақстандағы АӨКсаласының дамуы жайлы егжей-тегжейлі хабарлады және нақты инвестициялық ұсыныстар мен жобаларды таныстырды.

Өз кезегінде, «Tonnies» компаниясының негізін қалаушы Қазақстан аумағында сиыр еті, шошқа еті және құс етін өндіру бойынша бірлескен агроөнеркәсіптік жобаларды құру мүмкіндігін зерделеуге мүдделілік танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша АӨК саласындағы ірі компаниялармен танысу және инвестжобаларды одан әрі пысықтау үшін Қазақстанға Клеменс Тонниес мырзаның сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Анықтамалық: «Tönnies Holding ApS & Co. KG» Германиядағы ірі шошқа және ірі қара мал қасапханасы бар отбасылық компания болып табылады. «Tonnies» сондай-ақ етті қайта өңдеумен де белсенді айналысады. Компания супермаркеттер, бөлшек, көтерме  сауда, өнеркәсіптік клиенттер үшін мал және өсімдік шикізаттарынан балғын және мұздатылған тауарларды шығарады және оларға жеткізеді.
 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге