Баспасөз релиздері

Kazakh Invest пен Ауылшаруашылығы министрлігі АӨК саласына ірі инвесторларды тарту мәселелерін талқылады

Kazakh Invest пен Ауылшаруашылығы министрлігі АӨК саласына ірі инвесторларды тарту мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 15 шілдедегі өткен Кеңейтілген Үкіметтің отырысы барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп келесі 3 жылдың ішінде АӨК саласына ірі инвесторларды тарту туралы тапсырма берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және АӨК саласына ірі инвесторларды тарту бойынша жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігімен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында тараптар АӨК саласында іске асырылып жатқан жобалардың мән-жайын, тежеуші факторлар және олардың шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар келесі 3 жылдың ішінде АӨК саласына инвестиция тартатын басым бағыттары бірлесіп анықталды.

«Біз үшін шетелдік инвестиция тарту бойынша жұмыс бағыты – ауылшаруашылығы шикізатын қайта өндеу. Оның ішінде ет және ет өнімдері, картоп, қант қызылшасы, майлы дақылдар, жеміс және көкөністер. Сапалы өнімді өсіруге бағытталған АӨК саласына тартылатын шетелдік инвестициялар мультипликативтік нәтиже береді: жұмыспен қамту саласы дамып, жергілікті фермерлер және кәсіпкерлердің құзыреті артады, сондай ақ, өтім нарығы кеңейіп, жергілікті өнімінің бәсекеге қабілеттілік жоғарлайды», - деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев.

Сонымен қатар, кездесу барысында бүгінгі күні іске асырылып жатқан және пысылқталып жатқан жобалардың тізіміне жалпы соммасы 4,2 млрд доллар құрайтын 42 жоба бар, оның ішінде 17 жоба – іске асырылып жатыр.

Айта кету керек, жоспарланған мақсаттардың жүйелі орындауы ауыл экономикасын түбегейлі өзгертуге, интенсивті өндіріс жағына өтуге, жергілікті ауылшаруашылығы өнімінің өндіру және экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша Жол картасына қол қойды. Құжат аясында 2020 жылға дейін инвесторларға Қазақстан аумағында өз қызметін жасауға тосқауыл болып жатқан бірқатар мәселелерді шешу жоспарланған.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйым болып саналады. «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге