KAZAKH INVEST құрметті консулдар қоғамының Еуразиялық конференциясына қатысты

ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек ҚР СІМ, Дүниежүзілік консулдар Федерациясы (FICAC), KAZAKH INVEST, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған құрметті консулдар қоғамының Еуразиялық конференциясында сөз сөйледі.

Өз сөзінде Ғ. Оспанқұлов қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан отандық және шетелдік инвесторларға ұсына алатын құралдар мен мүмкіндіктерді таныстырды. Комитет төрағасы инвестициялар тарту жүйесінің тиімділігін арттыру және еліміздегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

5413861428739301046.jpg

Өз кезегінде, М. Сұлтанбек қатысушыларды KAZAKH INVEST-тің инвестиция тартудағы рөлі және осы бағыттағы ұлттық компания жүргізіп жатқан жұмыс туралы хабардар етті. Төрағаның орынбасары қатысушыларға қазақстандық шикізаттан жоғары технологиялық тауарлар өндірудегі инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып, қосылған құны жоғары жобалар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі секторы үшін өсу нүктесі болуға тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты, М. Сұлтанбек іс-шараға қатысушыларға әлеуетті инвестициялық жобалар, соның ішінде мұнай-химия, мұнай-газ жабдықтарын өндіру және астықты терең өңдеу үшін перспективалы тауашаларды таныстырды.

«Агроөнеркәсіп саласының жоғары әлеуетін атап өткім келеді, өйткені Қазақстандағы ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 200 млн гектардан асады. Алдын ала есептеулер бойынша саланың әлеуеті $10 млрд-тан асады. біз АӨК саласындағы қосылған құны жоғары жобаларға инвесторларды тартуға бағытталғанбыз және осындай бағыттардың бірі астықты терең өңдеу болып табылады», – деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары.

5413861428739301047.jpg

Өз сөзінің соңында М. Сұлтанбек қазақстандық консулдар мен шетелдік қоғамдастық өкілдерін ынтымақтастыққа және Қазақстанда өндірісті оқшаулау үшін заманауи технологиялар трансфертін пайдалана отырып инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.

5413861428739301058.jpg

Ағымдағы жылдың 11-15 қыркүйегінде Астана қаласында өтіп жатқан құрметті консулдар съезі Қазақстанда тағайындалған құрметті консулдар мен елден тыс жерде жұмыс істейтін Құрметті Консулдарды бір ұйымға біріктірді. Іс-шараның мақсаты – консулдардың рөлі мен маңыздылығын нығайту, құнды тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жеңілдету және Қазақстанның басқа елдермен дипломатиялық және инвестициялық қатынастарын дамыту мен нығайтуға ықпал ету. FICAC пен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы қатынастарды дамытуға ерекше назар аударылады.