AGRIQA Қазақстанда агроөнеркәсіптік кластер жобасын іске асыруда

Ағымдағы жылдың 8 тамызында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек «AGRIQA» отандық компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, оның барысында тараптар Түркістан облысында «Шардара» агроөнеркәсіптік экспорттық кластері жобасын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Жоба 8000 га тамшылатып және жаңбырлатып суару алқаптарын құруды, сондай-ақ шыны өнеркәсіптік жылыжайды, жоңышқа түйіршіктеу зауытын, кептіру және мұздату жеміс комбинатын және паста мен жеміс пюресі зауытын салуды қамтиды. AGRIQA жергілікті тұтынушылар мен тамақ өнеркәсібінің ірі трансұлттық компаниялары үшін тауарлардың кең ауқымын өндіретін ауылшаруашылық шикізатын өңдейді.

Кездесу барысында agriqa компаниясының Бас директоры Сержан Стыбаев Қазақстанда бұрын іске асырылған «Frutta» жобасының (жидек және жеміс өнімдері) өнімдерін және жоспарланған кептіру және мұздату жеміс комбинатының сынақ өнімдерін таныстырды.

IMG_5922.jpg

Өз кезегінде М. Сұлтанбек жаңа өңдеу өндірістерін құру арқылы аграрлық және тамақ өнеркәсібін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Өңдеу өндірістері өнімнің қосылған құнын айтарлықтай арттырады. Арзан шикізатты немесе жартылай фабрикаттарды экспорттаудың және қымбат тауарларды импорттаудың орнына Қазақстан әлемдік нарықтарға шығуға дайын түпкілікті, жоғары сапалы өнімді дербес жасай алады. Мұндай өндірістер озық, инновациялық технологияларды енгізуге де ықпал етеді. Біз осындай жобаларды, әсіресе отандық инвесторлардың қатысуымен құруды қолдаймыз», – деп атап өтті М. Сұлтанбек.

IMG_5915.jpg

Сонымен қатар, басқарма төрағасының орынбасары отандық Инвесторды мемлекеттік қолдау тетіктері мен шаралары, Қазақстанның инвестициялық ахуалы және жаңа перспективалық бағыттар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, инвестициялық келісім жасасу тетігінің артықшылықтары таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыруда одан әрі кооперацияға дайын екендіктерін білдірді.