Баспасөз релиздері

Қазақстан қытайлық дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды өндірушілермен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Қазақстан қытайлық дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды өндірушілермен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды өндірушілермен инвестициялық ынтымақтастық орнату мақсатында Бейжіңде (Қытай) «Инвестицияларды тарту және инновациялық фармацевтикалық өнімдер мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағында локализациялау» тақырыбында конференция өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігі және SINOVAC қолдауымен «СК-Фармация» ЖШС, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды. Оған Қытайдың түрлі аймақтарынан мамандандырылған қауымдастықтар мен бизнес ұйымдарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ өндірушілер қатысты.

Шара барысында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі, «СК-Фармация» ЖШС, «ҰК KAZAKH INVEST» АҚ, «HX QazBioPharm» АҚ, «Silk Way Pharma» ЖШС және т.б. өкілдері спикерлер ретінде сөз сөйледі.

Алқалы сөз сөйлеген Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі Әбу-Тәліп Аймаханов пен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы, сондай-ақ фармацевтика және медициналық бұйымдарды өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін айтарлықтай әлеует туралы айтты.

Ө0WhatsApp Image 2023-09-04 at 16.49.21 (1).jpeg

KAZAKH INVEST-тің Қытайдағы Бас өкілі Қуаныш Амантай өз сөзінде Қазақстандағы инвестициялық ахуалы, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, Қазақстан Республикасы мен Қытай кәсіпорындары арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту әлеуеті, сондай-ақ өндірушілерді фармацевтикалық сектордағы инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпаратпен таныстырды. Сөз соңында ол қытайлық әріптестерді Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

Сондай-ақ, «СК-Фармация» ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ, «Silk Way Pharma» ЖШС дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бірлесіп өндіру саласындағы ынтымақтастық әлеуетінің тұсаукесері өтті.

Шара нәтижесінде қазақстандық және қытайлық серіктестер арасында екіжақты кездесулер өтті. Бірқатар қытайлық кәсіпорындар елде дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтарды өндіру мүмкіндігін зерттеуге қызығушылық танытты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге