Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметкерлерін оқыту форумына қатысты

KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметкерлерін оқыту форумына қатысты

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы шетел мекемелеріне жұмысқа жіберілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметкерлерін оқыту курстарында бірқатар оқыту семинарларын өткізеді. Іс-шара АХҚО-да ағымдағы жылдың 11-15 шілдесі аралығында өтуде.

Инвестициялық сессияларға спикерлер ретінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қызметкерлері шақырылды. Семинарларда дипломаттарға компанияның қызметі мен жұмысының негізгі бағыттары, ел экономикасындағы инвестициялардың рөлі және мемлекеттік инвестициялық саясат туралы айтылды. Баяндамашылар салалардың қазіргі жағдайы мен әлеуеті, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айта отырып, тыңдаушыларды салаға «толық енгізуге» тырысты. Тыңдаушыларды инвестиция тарту жұмысындағы нақты жағдайлар туралы мысалдар қызықтырды. Спикерлер агробизнес, металлургия, энергетика, фармацевтика, машина жасау, көлік-логистика және т.б. салалардың әлеуетін ашып берді.

Сондай-ақ, Инвестициялық жұмыс тобы (KAZAKH INVEST және АХҚО бірлескен бөлімшесі) инвестиция көлемі 13 млрд доллардан асатын 28 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 70 жоба туралы хабарлады. Дипломатия қызметкерлеріне мемлекеттік қолдаудың салыстырмалы түрде жаңа құралы – Инвестициялық келісім туралы, стратегиялық жобаларды қолдаудағы Инвестициялық жұмыс тобының рөлі туралы айтты.

KAZAKH INVEST миссиясы – экономиканың басым секторларына шетел инвестицияларын тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу. Инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды, инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсат ету құжаттарын алуға жәрдемдесуді қоса алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша инвесторлар үшін «бір терезе»

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге