Баспасөз релиздері

ACWA Power Қазақстанда 1 ГВт жел электр станциясын орнатуды қарастыруда

ACWA Power Қазақстанда 1 ГВт жел электр станциясын орнатуды қарастыруда

Жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі ACWA Power Қазақстанда жел электр станциясын құру жоспарын жариялады. Компанияның бас инвестициялық директоры Клайв Туртон, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешевпен және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесуінде Қазақстанның жаңартылатын энергия саласындағы әлеуеті зор екендігін атап өтті.,.

ACWA POWER – жаңартылатын энергия көздері саласындағы, атап айтқанда электр қуаты мен тұщытылған суды өндіру саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Компанияның энергетикалық портфелі 13 елдегі 67 активті қамтиды, оның ішінде тиімді аралас циклді электр станциялары, күн және шоғырланған күн (CSP), геотермалдық, жел, қалдықтардан энергияны өндеу (WtE) кіреді. Жобалардың жалпы қуаты 42,7 ГВт электр энергиясынан асады, ал компанияның портфельдік жобаларға салған жалпы инвестициясы 66,5 миллиард АҚШ долларын құрайды.

«Қазақстан Республикасымен қарым-қатынас біз үшін өте маңызды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында сіздің еліңізде кеңсе ашуды жоспарлап отырмыз. Біз жел электр станциясының жобасын жүзеге асыруға ниеттіміз», - деді Клайв Туртон.

unnamed.jpg

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына сапары барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы сауд тәжірибесін пайдалануға қызығушылық танытқанын еске салды. Инвестиция комитеті мен KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы ACWA POWER компаниясына Қазақстанда жобаны жүзеге асыру барысында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын

«Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына көшу стратегиясын ескере отырып жаңартылатын энергия көздерінің жаңа ірі нысандарын құрі аса маңызды. Сонымен қатар бұл саланың серпінді дамып келе жатқанын, нарықта жоғары бәсекелестік орта қалыптасқанын, бұл саладағы жобаларды әлемнің түкпір-түкпірінен келген компаниялар жүзеге асырып жатқанын атап өткім келеді», - деп қорытындылады Меиржан Юсупов.

Сауд Арабиясындағы Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен, ҚР СІМ, KAZAKH INVEST ұйымдастырған ACWA Power компаниясының Қазақстанға сапары аясында, компания өкілдері сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовпен кездесті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге