Баспасөз релиздері

Ертен Астанада екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable өтеді

Ертен Астанада екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable өтеді

2018 жылғы 3 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) өтеді.

KGIR-2018-ге 650-ден астам ірі әлемдік компаниялардың және отандық бизнестің, мемлекеттік органдардың өкілдері, әлемдік саясаткерлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық корпус өкілдері қатысады.  


Шараның негізгі мақсаты — Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ұсыну, Қазақстанның инвестициялар, экономикалық даму және бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласындағы саясатын талқылау.

Инвестицияларды тарту үшін экономиканың мынандай маңызды салалары талқыланады:

  • Жекешелендіру.
  • Агроөнеркәсіптік секторды дамыту.
  • Цифрландыру.
  • Энергетика.
  • Инфрақұрылым және логистика.
  • АХҚО

Шара бағдарламасы «Қазақстан жаңа сын-тегеуріндерді қарсы алады» пленарлық отырысынан, мына тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өткізуден тұрады:

  • «Әртараптандырылып жатқан экономика үшін жаңа нарықтар құру»,
  • «Еуразия аймағының логистикалық әлеуеті»,
  • «Қазақстанның энергетикалық әлеуеті — дамудың жаңа кезеңіне инвестициялар»,
  • «Еуразиялық цифрландыру күн тәртібі — Индустрия 4.0 инфрақұрылымын дамыту».

Бұдан өзге, KGIR-2018 алаңында үкіметтік брифингтер ұйымдастырылады:

  • «Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру»,
  • «Агроөнеркәсіп: Жаңа жібек жолының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және
  • «Металлургия және тау-кен өнеркәсібінің мүмкіндіктері», сонымен қатар
  • АХҚО-ның «Астана халықаралық қаржы орталығы — Еуразиялық қаржы нарықтарына кіру» атты презентациясы.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге