Баспасөз релиздері

Wildberries қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарда жылжымақ

Wildberries қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарда жылжымақ

Ресейдің ең ірі онлайн-ритейлері – Wildberries қазақстандағы интернет сауданы дамытпақ. Жұмыс барысында компания «Made in Kazakhstan» брендімен шығарылатың тауарларды онлайн-сатылыммен шетелдік нарықтарға шығармақ. Сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның қолдауымен инвесторлар Қазақстанда Электронды сараптама орталықтарды салуды жоспарлап отыр. Алғашқы Орталық осы жылдың аяғына дейін ашылу мүмкін.

Тиісті меморандумға Wildberries пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның басшылығы, Қазақстар Республикасының Ресейдегі Сауда өкілеттігі мен Елшілігі қолдауымен, қол қойды. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның ірі қалаларында Электронды сараптама орталықтарды құру бойынша әріптестік мүмкіндіктерін талқылады.

«Қазақстанда үлкен мөлшеде экологиялық таза өнімдер шығарылып жатыр. Біз үшін сондай тауарларды Ресей нарығына шығару өте қызықты. Әріптестігіміздің әлеуеті өте жоғары. Қазақстанда жоғары сапалы тауарлар өңдірілуде, біздің көмегімен олар өзіннің сауда көлемін арттырып, жаңа сауда таңбасын құрып, жаңа жұмыс орындарды аша алады. Бұл жұмыстың бәрін қалай оңай және нәтижелі жасауға болатынын туралы Электронды сараптама орталықтардағы мамандарымыз түсіндіре алады», - деді Wildberries бас директоры Татьяна Бакальчук.

Өз кезегінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев, елімізде IT-технологяларды қолдау бойынша және цифрландыру саласында көптеген бағдарламалар іске асырылып жатқаны туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған Орталықтар қазақстандық кәсіпкерлерге өз бизнесін онлайн-сату жүйесінде кеңейтуге көмек береді.

«Бұл жобаны іске асыру, біріншіден, шағын және орта бизнес үшін онлайн-сату жүйесі туралы қажетті білім беріп және әр түрлі құралдарды қолдануға, сондай-ақ сатылып жатқан тауарлар спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Kazakh Invest АКТ саласындағы жобаларды белсенді қолдайды. Қазіргі таңда бұл салада жалпы соммасы $650 млн құрайтын жобалар пысыктауда», - деді Р. Исатаев.

Анықтама: «Wildberries» компаниясы – Ресейдегі №1 онлайн-ритейлері. Компания 2004 жылы құрылып, 2016, 2017 және 2018 жылдарда Рейсей Федерациясындағы ең үлкен онлайн-дүкен деп танылған. Өз сайтында компания 15 мыңнан астам брендттерді сатып, күніне 400 мыңға жуық тапсырыс қабылдайды. Бүгінгі күні компанияда 22 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2018 жылы компанияның тауар айналымының көлемі 118,7 млрд рубльға жетті. Қазақстан аумағында жұмыс істеп жатқан Wildberries.kz дүкенінің тауар айналымы 65%-ға өсіп 13 млрд теңгеге жетті. Wildberries компаниясының тапсырыс беру орынжайлардың саны 4500-ге жетіп, оның ішінде 116-сы Қазақстан аумағында орналасқан.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйым болып саналады. «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге