Баспасөз релиздері

Швейцарияда сәуірде Қазақстанның инвест мүмкіндіктерінің тұсаукесері болады

Швейцарияда сәуірде Қазақстанның инвест мүмкіндіктерінің тұсаукесері болады

28 ақпанда Астана қаласында «Kazakh Invest» Басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжан Швейцарияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Урс Шмид мырзамен кездесу өткізілген болатын. 

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтасудың бірқатар мәселелері, соның ішінде, екі елдің жалпы экономикалық өзара әрекет етуі, сондай-ақ, ағымдағы жылы инвестициялық іс-шараларға ортақ қатысуы талқыланған болатын. 

Ағымдағы жылдың сәуірінде Винтертур қ., Швейцария Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері жоспарланған. Сонымен қатар, Швейцариядағы ҚР Елшісінің, «Kazakh Invest» және швейцар бизнесі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел аясында одан әрі екіжақты ынтымақтасуды талқылау өтеді. 

Сондай-ақ, кездесу барысында Швейцарияның экономика министрі Шнайдер-Амманн мырзаның басшылығымен бизнес шеңбері және мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің Қазақстан Республикасына  2018 жылғы шілдеде келуін дайындау аясында «Kazakh Invest» көмек көрсетуге қатысты одан әрі қадамдары талқыланды. 

Өз кезегінде, М. Бірімжан Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық жобаларын іске асыруға швейцарлық компаниялардың мүддесін дамыту және екі елдің инвестициялық ынтымақтастығын ұсыну маңыздылығын атап айтты. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге