Баспасөз релиздері

Парижде І Қазақстан-Франция инвестициялық форумы өтті

Парижде І Қазақстан-Франция инвестициялық форумы өтті

28 мамырда Парижде ҚР Франциядағы Елшілігінің және «Kazakh Invest»  ұлттық компаниясының қолдауымен Қазақстан-Франция инвестициялық форумы өтті, Форумда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері ортаға салынып, ынтымақтастық жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Форумға ФР Еуропа және сыртқы істер министрлігінің (ЕСІМ) Мемлекеттік хатшысы  Жан-Батист Лемуан, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров, ҚР Франциядағы елшісі Жан Ғалиев, Францияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Филипп Мартине, «KazakhInvest» компаниясы Басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, сонымен қатар Франция және Қазақстан бизнес-қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Форумның ашылуында қатысушылар франциялық компаниялар арасында Еуразия континентін байланыстырушы стратегиялық дәліз болып табылатын Қазақстанға капитал салуға үлкен қызығушылық бар екендігін атап өтті.

Елші Жан Ғалиев форумға франциялық қатысушыларды Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінің, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Бес әлеуметтік бастама» жолдауларының халықаралық бизнес үшін анағұрлым қызықты акценттерімен таныстырып өтті. 

Өз кезегінде ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров өткен жылы Қазақстанға шетелдік инвестициялардың 25 %-ы өңдеу өнеркәсібіне бағытталғанын мәлімдеді. «Бұл Қазақстанның мұнай өнеркәсібінен басқа салаларда да тартымды бола бастағанын білдіреді. Біз стандарттар бойынша жұмыс істейміз, өткен жылы Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің мүшесі болды», - деді Е. Хаиров.

Сонымен қатар Лемуан мырза Қазақстанмен стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті: «Біз Қазақстанмен стратегиялық әріптестік туралы айтқанымызда, бұл үлкен іске асады деп айта аламын. Және бұл әріптестікке жаңа дем беріп, экономикалық, саяси ерекшеліктерді ескере отырып, нығайту керек. Қазақстанның жекешелендіру бағдарламасы – бұл өте қызықты тақырып. Ұсынылып отырған қазақстандық ынтымақтастыққа үн қатуға көмектесе алатындай Францияда білім мен біліктілік бар деп ойлаймын».

«KazakhInvest» компаниясы Басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Орталық Азия елдерінің ЖІӨ-не инвестициялардың 2/3 жуығы Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы елдерінің арасында жан басына тартылған инвестиция бойынша бірінші орынға ие болып отырған Қазақстанға келетінін атап өтті.

 Сонымен қатар С. Тұяқбаев шетелдік инвесторларды қолдаудың қолданыстағы тетіктері, соның ішінде АХҚО-ның қаржылық құралдарының кең спектрі арқылы қолдау туралы айтты.

«KazakhInvest» ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істеп жатқан әлемдік компаниялар 500 миллионнан астам адамнан тұратын нарыққа қолжетімділікке ие. Қазақстан арқылы құрамына 5 теміржол және 6  автомобиль халықаралық бағдарлары, соның ішінде заманауи трансконтиненталдық «Батыс Еуропа – Бастыс Қытай» автомагистралі енетін мультимодалдық Еуразия көлік дәлізі өтеді.

«Біздің көлік дәліздеріміз Азиядан (Ляньюнгань порты, Қытай) Еуропаға (Дуйсбург порты, Германия) немесе кері қарай шамамен 10-15 күн ішінде жүк жеткізуге мүмкіндік береді, бұл теңізбен тасымалдауға қарағанда әлдеқайда тезірек. Контейнерлік тасымалдаулар 2  есе өсті деп айта аламын»,  - деп атап өтті С. Тұяқбаев.  

Франция бизнесмендеріне экономиканың Ұлттық стратегияға сәйкес басымды салаларындағы  50  тауашалық жоба ұсынылды. Бұл инвестициялық ұсыныстар «Deloitte» компаниясымен бірлестікте әзірленді.

Бұдан басқа, форум шеңберінде «Қазақстан «Жаңа Жібек жолында» инвестициялар және экспорт үшін платформа ретінде», Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту құралдары», сол сияқты «Экономиканы цифрландыру» сессияларында талқылаулар өтті.

Сонымен қатар инвестициялық форум шеңберінде ECM Technologies және Қазатомөнеркәсіп арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге