Баспасөз релиздері

Нұр-Сұлтан қаласында өңірлік деңгейде инвестициялар тарту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында өңірлік деңгейде инвестициялар тарту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтана қаласында АХҚҚ алаңындағы семинар шеңберінде өңірлік деңгейде инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған іс-шараға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері, өңірлердің басқарма басшылары және инвестиция мәселелері жөніндегі мамандары, орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелер мен құзыретті органдардың басшылары, сондай-ақ, инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев сөз сөйлеу барысында сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде құрылған инвестицияларды тартудың үшдеңгейлі жүйесі туралы айтып берді. Сонымен бірге, KAZAKH INVEST компаниясымен бірлесіп әзірленген инвестордың үмітін анықтауға, сондай-ақ, оның қызмет етуі барысында туындауы мүмкін проблемалы мәселелерді айқындауға негіз болатын «Инвестор жолы» картасы жөнінде сөз қозғады.

Ермек Көшербаев мемлекет басшылығының тапсырмалары мен ұлттық инвестициялық стратегияны тиімді іске асыру үшін өңірлік деңгейде жұмысты үйлестіру өте маңызды деп атап өтті. «Бүгінгі күні құрылған инвестицияларды тарту жүйесінде өңірлік деңгейдегі жұмыстардың алатын орны зор. Инвесторлармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде тиімді жұмыс құрылымын қалыптастыру қажет, сол кезде шоғырландырылған іс-әрекеттер түпкі мақсаттардың орындалуына жеткізеді,» - деп айқындады спикер.

Басқарма директор – Өңірлермен өзара іс-қимыл департаментінің директоры Ұлболсын Сарыбаева инвестициялық ұсыныстар құрудағы ұлттық компаниялардың рөлі, инвестициялық жобаларды жылжыту және сүйемелдеу, сондай-ақ, Компанияның сервистік қолдау, инвесторларды кеңестік және құқықтық сүйемелдеу жөнінде перзентацияны ұсынды.

«Мемлекетке инвестициялар тарту – орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары мен бизнес тікелей қатысатын ауқымды және көп деңгейлі үрдіс. Бірлескен іс-қимыл мен бизнес-процесстердің қаншалықты жақсы үйлестірілуіне инвестициялық климат пен ортадан басқа, мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де тәуелді. Себебі, инвестиция дегеніміз – жаңа компаниялар мен кәсіпорындар ғана емес, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары, отандық кадрлар санаттарының кәсіби өсімі, сапалы тауарлар мен қызметтерге қолжетімділіктің құрылуы,» - деп атап өтті семинар барысында спикер.

Бұл семинарды өткізудің басты мақсаты инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысы бар тұлғаларды оқытуға, сондай-ақ, «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара тиімді ықпалдастығын арттуға негізделді.

Семинарға қатысушылар АХҚҰ қызметімен таныс болды, сондай-ақ, инвестициялық жобаларды әзірлеу кезінде қолдану үшін тәжірибелік білімі мен дағдылық қабілетін кеңейте түсті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге