Баспасөз релиздері

Қазақстанда ортопедиялық материалдар өндірісі құрылу мүмкін

Қазақстанда ортопедиялық материалдар өндірісі құрылу мүмкін

Түрік инвесторлары Қазақстанда ортопедиялық материалдар өндірісі бойынша жобаны іске асыруға қызығушылық танытуда. Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «CNSOrtho» және «Imed Surgical» компанияларының өкілдері елдің инвестициялық климатымен және технологиялық жобаны іске асыру мүмкіндіктерімен танысу үшін Қазақстанға ресми сапармен келді.

Кездесу барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мамандары түрік инвесторларын экономиканың әлеуетті салаларындағы жобаларды мемлекеттік қолдау шараларымен, бизнесті енгізу процедураларымен және инвестициялық жобаны тиімді іске асыру мүмкіндіктерімен таныстырды.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда ортопедиялық материалдар өндірісі жоқ. Барлық қымбат импланттар АҚШ, Германия, Қытай және т.б. елдерден сатып алынады. Аталмыш жоба импорт алмастыру, медициналық туризм және біздің дәрігерлердің біліктілігін арттыру жағынан өте маңызды», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Арман Данаев.

Ішкі нарықты қамтамасыз етуден басқа, түрік бизнесмендері өндірілген өнімді Орталық Азия, Иран, Ауғанстан, Грузия, Монғолия және Ресей елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, жобаның іске асырылуы 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Бұл біздің бірінші сапарымыз және біз серіктестіктің зор мүмкіндіктерін көрудеміз. Біздің компаниялар жаңа технологиялар бойынша бірнеше жыл жұмыс істеп келеді және тізе протезін, жамбас буындары үшін протез, жақ-сүйек хирургия үшін тілімдер мен бұрандалар, сондай-ақ, омыртқа сүйегі үшін ортопедиялық материалдар өндіреді. Менің ойымша, Қазақстанда біздің жобаны сәтті іске асыру үшін барлық жағдайлар бар», - деп хабарлады «Imed Surgical» бас директоры Тамер Исин.

Қазіргі уақытта KAZAKH INVEST әзірлеуінде жалпы сомасы $589 млн. болатын денсаулық сақтау саласының бірқатар жобалары бар. Оныі ішінде, көпсалалы ауруханалар мен емханалар құрылысы және пайдалануы.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге