Баспасөз релиздері

Германияда қазақстандық-неміс инвестициялық форумы өтті

Германияда қазақстандық-неміс инвестициялық форумы өтті

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Германия экономикасының шығыс комитетінің басшылығымен АЭФ 2018 аясындағы кездесуінде қол жеткізілген келісушіліктер шеңберінде «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев бастаған қазақстандық делегацияның Кельн қ. Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Германия экономикасының шығыс комитеті бірлесіп ұйымдастырған "Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері – неміс компаниялары үшін мүмкіншілік» тақырыбындағы бизнес-форумға қатысу мақсатындағы Германияға (Кёльн, Дюссельдорф, Берлин) жұмыс  сапары өтті.

Іс-шара барысында «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ роуд-шоу өткізді және басымды салалардағы ықтимал инвестициялық жобалармен таныстырды. Соның ішінде ҚР-да бизнес жүргізу, заңнамалық қолдау, «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, сонымен қатар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елді әлеуметтік-экономикалық модернизациялау бойынша жолдаулары контекстінде шетелдік инвестициялар тарту үшін бәсекелестік артықшылықтар туралы анық ақпарат ұсынылды. 

Форум барысында «KAZAKH INVEST» Басқармасының Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Орталық Азия елдері жалпы ішкі өнімінің 2/3  бөлігіне жуығы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында жан басына шаққанда тартылған инвестиция бойынша бірінші орынды иеленетін Қазақстанға тиесілі екендігін атап өтті.

Сонымен қатар С. Тұяқбаев шетелдік инвесторларды қолдаудың қолданыстағы тетіктері, соның ішінде АХҚО қаржы құралдарының кең спектрі арқылы қолдау туралы айтып берді.

«KAZAKHINVEST» ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істеп жатқан әлемдік компаниялар 500 млн. адамнан асатын нарыққа қолжетімділікке ие. Қазақстан арқылы құрамына 5 теміржол және 6  автомобиль халықаралық бағдарлары, соның ішінде заманауи трансконтиненталдық «Батыс Еуропа – Бастыс Қытай» автомагистралі енетін мультимодалдық Еуразия көлік дәлізі өтеді.

ГФР-дағы ҚР елшісі Болат Нүсіпов форумда сөйлеген сөзінде өтіп жатқан Форумның екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып отырғандығының жарқын көрінісі болып табылатындығын атап өтті.

«Бүгінгі Форум бұл процессті одан әрі тереңдетуге, ГФР-мен ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді деп батыл мәлімдеуге болады. Мұндай әріптестік өзара сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың қарқындылығының артуына, туризмнің дамуына, біздің  халықтар арасындағы түсіністік пен  достықтың дамуына ықпал ететіндігіне сенімдімін. Қазақстанда қазірдің өзінде 1500 бірлескен және 900 германиялық кәсіпорын жұмыс істеп жатқандығын атап өткім келеді. Бұл тізім бұдан әрі кеңейе түссе, біз оған қуанамыз.  Қазақстан мұндай әріптестікке мүдделі және оның табысты болуы үшін қолынан келгенше күш салуға дайын», - деді Б. Нүсіпов.

Германияның экономикалық, эксперттік және бизнес орта өкілдері Қазақстанның қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мақсаттарындағы іс-әрекеттерін жоғары бағалады және Қазақстанның ГФР-ның Орталық Азиядағы шешуші экономикалық әріптесі екендігін, Ұлы Жібек жолы траекториясы бойынша Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір болып қала беретіндігін атап өтті. Кельн Сауда-экономикалық палатасының Басқарушы директоры Александр Хёкле атап өткендей, Қазақстанның инвестицияларды қорғау және ынталандыру саласында қабылдап жатқан шаралары неміс компанияларының Қазақстандағы жобаларының саны мен сапасын арттырды.

Сапар шеңберінде  қазақстандық делегация, сонымен қатар, «ZozTechnologyCenter» (ZTC) технологиялық паркіне және  Дюссельдорф қаласындағы «Continental AG» технологиялық кластерлік орталығына, барды, сол сияқты жетекші компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Германияға сапар шеңберінде қазақстандық делегацияның экономикалық бірлестіктер басшылығымен және машинажасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары салаларындағы неміс компанияларының басшылығымен 25-ке жуық кездесуі өтті және 5 ықтималды инвестициялық жоба бойынша келісушіліктерге қол жеткізілді.

Сонымен қатар «SchneiderGroup» компаниясының басқарушы әріптесі Ульфом Шнайдермен кездесу өтті. Іс-шара барысында «KAZAKH INVEST» және «SchneiderGroup» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғандығын атап өту керек.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге