Баспасөз релиздері

Астанада қазақстан-словения бизнес форумы өтуде

Астанада қазақстан-словения бизнес форумы өтуде

«Kazakh Invest» қолдау көрсетуімен Астанада Қазақстан-Словения бизнес форумы өтуде, оған екі мемлекеттің 60–тан астам іскери орта өкілдері қатысуда.

Форумның ашылуы салтанатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Қазақстан-Словения бизнес клубының Президенті Деян Штанцер құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде Штанцер мырза Словения Еуропаның орталығында орналасқандығын және Австрия, Италия, Венгрия және Хорватиямен шектесетіндігін атап өтті. Яғни Словения Солтүстік пен Оңтүстік, Батыс пен Шығыс арасындағы көпір іспеттес және мұның маңызы өте жоғары – ашық теңізге шығуға мүмкіндік болады. Сонымен қатар Словения ЭЫДҰ және ЕЭЫ сияқты барлық маңызды әлемдік ұйымдардың мүшесі болып табылады.

 «Kazakh Invest» ҰК АҚ Басқарушы директоры Эрик Якубаев Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы айтты және словения бизнесмендерін республика өңірлерінде инвестициялық жобаларды қарастыруға шақырды.  

Сондай-ақ форум барысында словения инвесторы Севен Рефракторис, AHA Hyperbarics (HBOT) бас директоры Питер Кокаль сөз алды.

Форумның қорытындысы бойынша Астана қаласында Қазақстан-Словения бизнес клубын тіркеу және офисінің ашылуы салтанаты өтті.

Анықтама түрінде: 2017 жылдың қаңтар-қазан айлары кезеңінде екіжақты сауда айналымы 97,2 млн. АҚШ долларынқұрады (экспорт – 25,2млн.АҚШ доллары, импорт – 72 млн. АҚШ доллары). Қазақстанға Словениядан тез кесетін болатты, еритін тағамдық қоспалар, темір, электр жабдығы және құрамдастар, тау-кен өндіру техникасы, кеңсе заттары, машина құрастыру бұйымдары,  фотоаппараттар мен фотоаспаптар, ойыншықтар мен спорттық құрал-жабдықтар, тастан жасалған бұйымдар, цемент, жиһаз бен киімдерді импорттайды. Қазақстаннан Словения мақта, темір және болат, фенолокетон, электр жабдықтары мен құрамдастарын экспорттайды. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) жұмыс істейді. ҮАК 3-отырысы 2016 жылдың 20-21 қазан күндері Люблян қаласында өтті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге