Баспасөз релиздері

2018 жылы шетелдік инвесторлар 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құрды

2018 жылы шетелдік инвесторлар 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құрды

Бұл және тағы басқа туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз конференциясы аясында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев мәлімдеді.

2018 – 2019-дың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі – Kazakh Invest) қолдауымен шетелдік капиталының қатысуымен 29 жоба іске асырылды. Осы жылдың аяғына дейін қосымша 28 жоба іске қосылып, жалпы «Зәкір инвесторлармен» және ТҰК-пен бірлесіп құны $5,1 млрд құрайтын 57 жоба пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орын құруға мүмкіндік беріледі.

2018 жылы Kazakh Invest-тің қоладуымен жалпы құны $3,1 млрд болатын 27 жоба іске асырылды. Оның ішінде Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн электр станциясы, Қызылорда облысында цемент зауыты (жылына 1 млн тонна цемент), Түркістан облысында елімізде жалғыз түйе сүтін өндіретің зауыт (тәулігіне 100 тонна сүт өндеу) өз жұмысын бастады. Сондай-ақ 2018 жылы Павлодар облысында темір жолға арналған дөңгелектердің өндірісі (жылына 200 мың дана дөңгелек) ашылып, Нұр-Сұлтан қаласында трансформаторларды шығару өндірісі (жылына 100 трансформатор) іске қосылып, Қарағанды облысында машина жасау зауытының (жылына 8,5 мың тонна өнім) трансформациясы аяқталды. Жобалардың іске асырылуы 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

2018 ж. қорытындысы бойынша Kazakh Invest-тің қоладуымен инвесторлар Алматы қаласында 5 жобаны іске асырды, Павлодар облысында - 4 жоба, ал Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарында 3 жобадан іске қосты.

Kazakh Invest 2019 жылы шетелдік қатысуымен құны $2 млрд құрайтын 30 жобаны іске асыруды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Іске асырылып жатқан жобалардың 40% жаңғыртылатын энергия көздері және ақпараттық-коммуникациялық технологиялары салаларында. Ағымдағы жылы жалпы қуаттылығы 400 МВт болатын күн электр станциялары, 90 МВт болатын жел және 25 МВт-қа су электр станциялары өз жұмысын бастамақ. Жобалардың жалпы құны $680 млн құрайды.

Бұдан бөлек, 2018-2019 жылына арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясына сәйкес Kazakh Invest өз алдыңда жылына 8 ТҰК және зәкір инвесторларымен 2 бірлескен кәсіпорын ашу бойынша мақсатын қойып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 8 ТҰК жалпы $930 млн инвестиция құйды, сондай-ақ зәкір инввесторларымен жалпы құны $335 болатын 2 бірлескен кәсіпорын ашылды. Олардың ішінде Linde Gr. (Германия), Farm Frites (Нидерланды), Carmeuse Group (Бельгия), China Triumph International Engineering (ҚХР), Phoenix Global (БАӘ), Yildirim Holding (Түркия), United Green (Ұлыбритания), CG Corp. (Сингапур). Осы жылы Kazakh Invest ресейлік                           «ЭКО-культура», американдық Tyson Foods, Valmont, AGCO, француз Servier және неміс Tonnies секілді компанияларды таргеттейді.

Жалпы алғанда, соңғы екі жылдың ішінде Компания тарапынан инвесторлар үшін «жұмсақ инфрақұрылым» құрылды: Қазақстан заңнамасын мен рәсімдерін түсіндіру бойынша жұмысы реттелді, шешім қабылдаудың ашықтығы қамтамасыз етілді, әкімшілік жүктемелері азайды. Мысалы, Kazakh Invest тарапынан қазақ, ағылшын және орыс тілінде invest.gov.kz Бірыңғай ұлттық интерактивтік интернет-ресурс ашылды. Сайтта инвестициялауды қажет ететін жобалар туралы мәліметтен бөлек әр-түрлі мәселелер бойынша сұратуларды қабылдайтын қызмет іске қосылды. Тәулік бойы +7 717 2 620 620 нөмірі бойынша инвесторлар үшін Call-center жұмыс істеуде.

2018-2019 жылдарының қорытындысы бойынша инвесторлар үшін Kazakh Invest тарапынан 1100-ден астам консультациялық қыметтер көрсетілді. Инвестициялық омбудсмен қызметі аясында инвесторлар тарапынан 91 өтініш түсіп, оның 48-сі толық шешіліп, 13 сұрақ бойынша заңнамаға сәйкес түсіндіру жұмыстары атқарылды, 30-ы бойынша жұмыс атқарылып жатыр.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйым болып саналады. Kazakh Invest Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге